Еліміздің қай қалаларында вахталық жұмысқа ең жоғары жалақы төленеді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 маусым, 2025
- 554

Талдау нәтижесінде вахталық жұмысқа ұсынылатын бос орындардың көбі келесі қалаларға тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қарағанды – 10,6%;
Алматы – 8,3%;
Астана – 8,2%.
Алайда жалақы мөлшеріне келсек, көш басында – Семей. Бұл қалада вахталық жұмысшылардың медианалық айлығы – 325 мың теңге. Одан кейінгі орындарда Қарағанды – 310 мың теңге, және Шымкент – 300 мың теңге.
Ең көп сұранысқа ие мамандық – ораушы, жинақтаушы. Бұл сала барлық вахталық бос орындардың 17 пайызын алып отыр. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда электромонтажшыларға (+65,2%), монтажшыларға (+62,5%) және учаске шеберлеріне (+59,5%) деген сұраныс артқан. Ал машинист пен жүргізуші мамандықтарына деген сұраныс керісінше төмендеген.
Салалық тұрғыда қарасақ, ең жоғары жалақы қарапайым жұмысшыларға тиесілі – 408 мың теңге.