Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі электр станцияларында жөндеу жұмыстары басталмаған
- авторМағжан Орынбасар
- 25 маусым, 2024
- 364
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің бірқатар облысындағы электр станцияларында жабдықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндаған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірқатар мәселелерге назар аударды. Мәселен, бірқатар аймақта, оның ішінде Жамбыл облысындағы «Тараз Энергоорталық» мекемесі әлі күнге дейін қыс қамына кіріспеген. Сонымен қатар, ведмство басшысы жылыту маусымы кезінде қосымша көмек берілетін кәсіпорындар белгіленгенін атап өтті.
«Риддер жылу мекемесінде 5 қазандықты жөндеуді бастау қажет. Белгіленген мерзімде циркуляциялық су құбырын ауыстыру мен 4-ші трубинаны жөнедеу және тазалату жұмысын тез арада аяқтау маңызды. Екібастұз жылу-электр орталығында жөндеу жұмыстары маусымның 3-ші онкүндігіне ауыстырылады. Осы жылы жоспарланған 4 су қазагндығына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Теміртаудағы 2-ші жылу орталығында «Қарметтің» жөдеу жұмыстары маусымнан тамызға дейін 2 айға шегерілді. Жұмыс көлемін қысқарту жоспарлануда»,- деді Алмасадам Сәтқалиев.