Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта орала ма
- авторИндира Тәліпқызы
- 25 маусым, 2024
- 579
Бұрынғы уақытты қайтару мәселесін қарап жатқан арнайы жұмыс тобы, яғни ғалымдар мен шенеуніктер әлі бір байламға келе алмай отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ktk.kz арнасына сілтеме жасап.
Ал биология ғылымының докторы Сұлтан Төлеуханұлы Қазақстан қазіргі уақыт белдеуінде қалуы керек деген пікір білдіріп отыр.
«Бір сағатты ешкім алып тастаған жоқ, ешкім ұрлап кеткен жоқ. Бәрі табиғи уақыт орнында болады. Бәрінің айтып отырғаны, біз ерте тұрғанда, ерте жататын болып жүрміз. Бір сағат азайып кетті. Бір сағат кеш тұрғанда күн жарық болып тұр деп айтып отыр. Ол субъективті әңгіме. Кейбір кісілер жөндеп ұйықтамаған соң, ұйқысы қанбаған соң, немесе көп ұйықтап қойып, ритмі бұзылған соң, сондай өзгерістер болып жатыр. Организм бейімделеді», - дейді Сұлтан Төлеуханов.
Еске салайық, еліміз жаңа уақыт белдеуіне 1 наурыздан бастап, яғни осыдан төрт ай бұрын көшкен болатын. Бұған қарсы халық бұрынғы уақытты қайтару туралы петицияға қатысып, 50 мың қол жинаған. Ал Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-5-бабына сәйкес өтінішті қарау мерзімі ол тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады.
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024