Елімізде
Еліміздің шығысында жүздеген адам қатты боранда жолда қалған
- авторjambylinfo.kz
- 16 ақпан, 2024
- 651
16 ақпан, кешкі сағат 17.00-дегі мәліметке сай 140 адам құтқарылған
Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауынан шамамен 140 адам құтқарылып, Қалбатау ауылына эвакуацияланған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Авариялық-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Бұған дейін ШҚО әкімдігінің МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағы қар құрсауынан 32 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарған болатын. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.
“Осы адамдар арасында зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі анықталып жатыр”,-деп хабарлайды ТЖМ.
Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қатты боран соғып тұр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала