жексенбі, 22 ақпан, 2026 17:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізге келетін құрмалар қай елдерден импортталады

Елімізге келетін құрмалар қай елдерден импортталады
Canva
Қазақстанға құрманың негізгі бөлігі Иран елінен жеткізіледі.

Қазақстанға басқа мемелекеттрден келетін құрма соңғы он жылда айтарлықтай өскен. Дегенмен кейінгі жылдары төмендегеніде байқалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2014 жылы елге 10,8 мың тонна құрма әкелінсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 43,1 мың тоннаға жетіп, төрт есеге артқан. Кейінгі жылдары импорт көлемі 32–39 мың тонна аралығында тұрақтаған.

Ал 2025 жылы көрсеткіш 32,5 мың тоннаға дейін төмендеді:

бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға аз,

2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға кем.

Ақшалай көлемі шамамен 14,1 миллион долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға қысқарған.

Қазақстанға құрманың негізгі бөлігі Iran елінен жеткізіледі. 2025 жылы оның үлесі жалпы импорттың 81%-ын құраған. 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 96%-дан да жоғары болған.

Сонымен қатар құрма Israel, Algeria және Saudi Arabia мемлекеттерінен де импортталады.

Сарапшылардың пікірінше, импорт көлемінің төмендеуіне бағаның өзгеруі, логистикалық шығындар және ішкі нарықтағы сұраныстың тұрақтануы әсер етуі мүмкін.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар