жексенбі, 22 ақпан, 2026 17:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ПСЖ Мбаппеге 2 миллион еуро төлеуден неге бас тартып отыр?

ПСЖ Мбаппеге 2 миллион еуро төлеуден неге бас тартып отыр?
Фото: instagram.com/k.mbappe
Даудың басталуына 2024 жылдың жазында Мбаппенің мадридтік Real Madrid FС клубына еркін агент ретінде ауысуы себеп болған.

Францияның әйгілі «ПСЖ» клубы мен оның бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппе арасындағы сот дауы 2024 жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тараптар арасындағы негізгі мәселе – футболшыға тиесілі төлемдердің толық аударылмауы.

L’Équipe басылымының мәліметінше, клуб ойыншыға жалпы 6 миллион еуро қарыз болған. Қазіргі уақытқа дейін соның 4 миллионы ғана төленген. Қалған 2 миллион еуроны төлеуден париждік клуб бас тартып отыр.

Даудың басталуына 2024 жылдың жазында Мбаппенің мадридтік Real Madrid CF клубына еркін агент ретінде ауысуы себеп болған.

Үш ай бұрын Франция соты ПСЖ-ны ойыншыға 60,9 миллион еуро төлеуге міндеттеген. Оның ішінде:

55 миллион еуро – жалақы мен бонустар,

5,9 миллион еуро – демалыс өтемақысы мен өсімпұл.

Алайда футболшы бұрынғы клубынан тек 55 миллион еуро алған. Сот орындаушылары араласқаннан кейін тағы 4 миллион еуро төленгенімен, 2 миллион еуро әлі өтелмеген.

ПСЖ басшылығы өз кезегінде барлық қаржылық міндеттемелер толық орындалды деп мәлімдеуде. Ал сот процесі әлі аяқталған жоқ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар