бейсенбі, 9 сәуір, 2026 20:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді елімізде Valley маркалы суару машиналары шығарылмақ

Енді елімізде Valley маркалы суару машиналары шығарылмақ
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың компанияның Еуразия және Латын Америкасы бойынша өңірлік вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцманмен кездесуі барысында айтылды.

Халықаралық Valmont Industries компаниясы (Valley бренді) Қазақстанда Valley маркалы суару машиналарын жергілікті деңгейде өндіру жобасын іске асыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министр суармалы егіншілікті дамыту мемлекеттік аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Президент жыл сайын 150 мың гектарға дейін су үнемдеу технологияларын енгізу міндетін қойды. Бұл шара ауыл шаруашылығын жаңғыртуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға бағытталған. Біз суармалы алқаптарды кеңейтуге, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жобаларға мүдделіміз. Сіздер ұсынып отырған жоба агроөнеркәсіптік секторды дамыту үшін ерекше маңызды. Мұндай бастамаларды іске асыру саланың климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттырып, өнімділікті көбейтуге ықпал етеді», — деді Айдарбек Сапаров.

Өз кезегінде Филипп Шмидт-Хольцман Орталық Азия нарығы заманауи суару шешімдерін енгізу үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті. Оның пікірінше, жергілікті өнеркәсіптік серіктестермен әріптестік орнату жобаны тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Қазақстандық серіктес «Имсталькон» акционерлік қоғамы.

Өндірісті орналастыру алаңдары ретінде компанияның өндірістік қуаттары орналасқан Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Түркістан облыстары қарастырылуда.

Жобаның қуаттылығы: жылына 300–500 жаңбырлатып суару машинасы. Жалпы инвестиция көлемі 17 млн долларды құрайды.

Жергілікті өндірістің іске қосылуы елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар