Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"2026 жылғы 4 мамыр сағат 10:10-да республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 546-557 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ескі Күйік асуы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады", - делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК таратқан хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.





