Халықты 167 млн теңгеге шығынға батырған қаржы пирамидасының басқарушысы ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 шілде, 2024
- 529
Бүгін Бас прокуратура басқа да органдардың көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Деректерге сүйенсек, 2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Нәтижесінде жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған. Және сол елде ұсталды.
«Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024