жұма, 4 шілде, 2025 21:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ипотекаға сұраныс артты: «Наурыз» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары қалай жұмыс істеп жатыр

Ипотекаға сұраныс артты: «Наурыз» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары қалай жұмыс істеп жатыр
Фото: Jambylinfo.kz
Жыл басынан бері ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілген

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру бағытында бірқатар ірі жобалар іске қосылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның ішінде ең ірісі – қолданыстағы ақпараттық жүйелердің орнына келетін "Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесі" әзірленіп, egov.kz платформасымен біріктіру жоспарланған. Бұл жүйе құрылыс үдерісінің барлық кезеңін – жоспарлаудан бастап, пайдалануға беруге дейін толық қамтитын цифрлық экожүйе ретінде ұсынылған.

Ипотекалық бағдарламалар аясында

2025 жылдың алғашқы айларында "Наурыз" бағдарламасы бойынша 202 млрд теңгеден астам сомаға 7 746 несие берілген. Мөлшерлеме әлеуметтік осал топтар үшін – 7%, басқа санаттар үшін – 9% деңгейінде белгіленген.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы

Бағдарлама іске қосылған 2019 жылдан бері 7 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2025 жылы тағы 1 мыңнан астам отбасыны қамту көзделген.

"Нұрлы жер" бағдарламасы

2020–2025 жылдарға арналған бағдарлама аясында 2 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілген. Тек 2024 жылы 233 нысан жөнделген болса, 2025 жылы 421 үйді жөндеу жоспарланған.

Ауылдар мен моноқалаларды дамыту

"Асыл мекен", "Отау", "Наурыз" сынды бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген тұрғын үй ұсынылған, оның ішінде екінші нарықтағы баспаналар да қарастырылған. Бұл бастамалар халық саны аз өңірлер үшін аса өзекті саналады.

Сонымен қатар, "Қалаларды кешенді стандарттау" жобасы әзірленіп, жайлы және тұрақты тұрғын үй ортасын қалыптастыруға арналған бірыңғай талаптар бекітілген.

Жалпы, қабылданған кешенді шаралар құрылыс саласында тұрақты экожүйе қалыптастырып, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, қалалық ортаның сапасын жақсартуға және халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар