жұма, 23 қаңтар, 2026 22:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды үндеу жасады
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жолдардағы апат деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ел аумағында заңдылықты күшейту.

Осы кезеңде полиция қызметкерлері басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып, автожолдарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтайды.

Сонымен қатар тұрғындармен, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне, жалған немесе тіркеу нөмірі жоқ көлік құралдарын басқару деректерін анықтауға, сондай-ақ жол қозғалысына қауіп төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына және қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шығу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуына бақылау күшейтіледі.

Ішкі істер министрлігі елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар