бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 17:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ит-мысықтан жұғуы мүмкін». Түркістанда 7 жасар баланың бауырынан 15-16 см тоғыз құрт шықты

«Ит-мысықтан жұғуы мүмкін». Түркістанда 7 жасар баланың бауырынан 15-16 см тоғыз құрт шықты
Сурет: Отырар.кз
Баланың қазіргі жағдайы жақсы

Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері 7 жасар баланың бауырынан ұзындығы 15-16 сантиметрге жетедін 9 құрт алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz Отырар сайтына сілтеме жасай отырып.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы ауруханаға 10 мамыр күні түскен. Ота 13 мамырда жасалған.

«13 мамыр  күні аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан  15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан»,-деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер баланың бауырындағы құрт ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс піспеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар