сенбі, 22 маусым, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Газель» автокөлігі өртеніп кетті

Таразда «Газель» автокөлігі өртеніп кетті
Сурет: Тараз ТЖД
Тілсіз жаудан бір адам зардап шекті

Әлеуметтік желіде Тараздағы «Арай» иініндегі тұрғын алқабында көлік өртеніп жатқаны туралы видео тарап кетті. Бұл деректі облыстық төтенше жағдайлар департаменті растап, түсініктеме берді, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.


«20 мамырда 16 сағат 17 минутта 101 пультіне Р.Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің аумағында  «Газель» автокөлігі өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары - 21 қызметкер және 5 бірлік техника шықты. Өрт 16.57-де оқшауланып, 17.11-де жойылды. Қаза болғандар жоқ, 1 адам зардап шекті.  Ол адамды қолының күйігімен Жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Өрттің себебі анықталып жатыр»,-деп жазылған хабарламада.


ТЖД мамандары азаматтарға өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға және автокөліктің техникалық жағдайын қадағалауға, сондай-ақ автокөлікте тез тұтанғыш заттарды сақтамауға кеңес беріп отыр.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар