Тараз тұрғыны ең жақын досын атып өлтіріп алды
- авторjambylinfo.kz
- 21 мамыр, 2024
- 888
Тараз қаласындағы пәтерлердің бірінде 28 жастағы азамат жақын досын Калашников қаруынан атып өлтіріп алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Баса айта кетерлігі, дереккөзге сүйенсек, қылмыс жасалған қару Қаңтар кезінде ұрланған мылтықтардың біреуі болуы мүмкін. Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасы кезінде қалалық департаменттен мыңнан аса қару ұрланған.
«Адам өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылды. Тиісті сараптама тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша қару Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған қару болуы мүмкін», - деп хабарлған облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз