Павлодарда тонналап есірткі өндірген шетелдік азаматтар ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 мамыр, 2024
- 479
Павлодар қаласында ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" жасағы және прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді. "Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
«Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды»,- делінген хабарламада
Ахмет Байтұрсынов туралы су жаңа фильм жарыққа шығады
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024