жексенбі, 23 маусым, 2024 12:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ахмет Байтұрсынов туралы су жаңа фильм жарыққа шығады

Ахмет Байтұрсынов туралы су жаңа фильм жарыққа шығады
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Оның прокаты 23 мамырдан басталады

23 мамырдан бастап еліміздің кинотеатрларында қазақтың ұлы гуманист-күрескері Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі прокатка шығады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, фильмде Ресей империясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының  алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады.

«Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі. Сондай-ақ бұл фильм өлім тәнін алса да,бірақ өзін ешқашан жоғалтпай, істеген барлықістері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді», - деп хабарлады министрлік.

Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Folklore media» студиясы түсірді. Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілді.
 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар