Елімізде
«Көктайғақ, дауыл, жауын-шашын»: Бүгін ауа райы қандай болады
- авторМағжан Орынбасар
- 18 наурыз, 2025
- 241

Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болмақ
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің батысында, солтүстігінде, солтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен күн құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.
Келесі мақала