сәрсенбі, 23 қазан, 2024 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Көлік ішіндегі бассейн». Танымал блогерлер Астана көшелерінде ойына келгендерін істеп жүр (ВИДЕО)

«Көлік ішіндегі бассейн». Танымал блогерлер Астана көшелерінде ойына келгендерін істеп жүр (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Олар жол талғамайтын көлік ішіне су толтырып, шомылған

Түгел елдің назарында жүрген «NNN» лақап атымен танымал Нұрдәулет Бектұрсын мен Ерболат Жанабылов Астана көшелерінде ойына келгендерін істеп жүр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«NNN» мен Ерболат Жанабылов әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін аударатын контент жасау үшін осындай әрекетке барған. Қымбат, жол талғамайтын көліктің ішін суға толтырып, бассейн ретінде түскен. Астана көшелерін де аралап, көпшіліктің көз үйренбеген әрекетке реакциясын телефонға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Елорданың салқын ауа-райына қарамай жасаған ісін блогерлер «адамдардың көңіл-күйін көтеру үшін жасалған әрекет» деп түсіндірді. 

Аталған пост 5 миллионнан астам қаралым жинаған. Қойылған лайк саны да көп. Жазылған пікірлер сарыны сан-алуан. Бірі мұны ысырапшылық десе, бірі әзіл ретінде қабылдап, жанкешті іске оң баға берді.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар