«Көлікпен қағып, аяусыз тепкілеп өлтірген». Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі кісі қолынан қаза тапты
- авторМағжан Орынбасар
- 29 наурыз, 2024
- 675
Түнде тұрғын үй кешенінің қақпасын жаппақ болған күзетшіні ер адам алдымен көлігімен бірнеше рет басып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, шабуылдаған азамат жәбірленушінің бет жүзінің сау тамтығын қалдырмаған. Көлікпен қағып, құлап жатқан күзетішінің басына ауыр соққылар жұмсаған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілген азамат жансауқтау бөлімінде жан тапсырды.
Түн жарымындағы қатыгездік бейнебақылау камерасына жазылған. Мәліметтерге сүйенсек, марқұмның артында 3 баласы қалып отыр.
Алматы Полиция департаменті мәлімдегендей, аталған жай бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады Алматы полициясы.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:05