Көшеде түкірген адам қандай жаза арқалайды? Әділет министрі жауап берді
- авторИндира Тәліпқызы
- 18 сәуір, 2024
- 634
Көшеде түкіретіндер енді қоғамдық жұмысқа тартылады. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді,-деп хабарлайды jambylinfo.kz "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Министрдің айтуынша, қазір қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза Қылмыстық кодекс аясында ғана қолданылып жүр. Енді жаңа норма Әкімшілік кодекске енгізіліп отыр.
"Көшеде түкіретін, әр жерде қайыр сұрап отыратындар мен көшеде алкагольдік ішімдік ішетіндер қоғамдық жұмысқа тартылады. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыс орындалуы тиіс ұйымдардың тізімін әкімдіктер айқындайды. Сонымен қатар, әкімдіктер сот қаулысы келіп түскен сәттен бастап құқық бұзушыны шақырады, оның жеке деректерін толтырады, оған құқықтары мен міндеттерін, қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібін түсіндіреді",-дейді Азамат Есқараев.