Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін қарайтын әйел тергеушілердің саны үш есе артады
- авторjambylinfo.kz
- 18 сәуір, 2024
- 734
«Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысатын әйел қызметкерлердің штатын кеңейтуді тапсырған еді. Қазір Қазақстан бойынша олардың штатын 750-ге жеткізу мәселесі сөз болып отыр. Қазір 280 әйел жұмыс істейді. Зорлық-зомбылыққа тап болған қыздар мен әйелдерге келгенде, ол істерді әйел тергеушілер қарайтындай қылып істедік. Алғашқы болып әйел адам жауап алуы керек. Бұл тәжірибені зерттедік. Әкімдер де бізді қолдады. Үкіметте осы штаттарды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр », - деді Лепеха.
Министр орынбасарының сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жұмыс істеуі үшін дайындық керек. Министрлік жәбірленушіден өтініш жазбауды сұраған қызметкерлерін жауапқа тартатынын айтып отыр.
«Райынан қайтармаймыз. Қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Барлық заңға қайшы әрекеттерді тіркеп отыруға тырысып жүрміз. Ондай жағдай болса, қызметкерлерде жауапқа тартамыз», - деді ол.
Айта кету керек, 15 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойған еді. Бұл Заң тікелей Президенттің тапсырмасымен әзірленген болатын. Сондай-ақ Президент Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында да тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерген еді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатігездік күшейіп барады. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. «Ауруын жасырған өледі». Сондықтан біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда Заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек» деген еді Президент өз сөзінде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024