дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҰҚК қылмыстық топтың серкесіне үкім шығарылғанын мәлімдеді

ҰҚК қылмыстық топтың серкесіне үкім шығарылғанын мәлімдеді
фото - ашық дереккөзден
Ол 12 жылға сотталды

ҰҚК тамыз айындағы материалдар негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

ҰҚК ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жазды

 

"Ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде. Жалпы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Олар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды және оған қатысты қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталуда.

 

"20-дан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді. Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар