«Кемі миллион теңгемен жүресің»: арзан дүние кие алмайтын Бадықова қасында жүргендерді байытуға кірісті
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 17 маусым, 2024
- 824
Танымал актриса Дариға Бадықова Instagram-дағы жеке парақшасында «жанымда жүрсеңдер, жоқ дегенде миллион теңгелерің болады» деп жазба қалдырды. Актрисаның бұлай жазуына нумеролог әрі психолог Нұргүл Лепестің талдауы, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, Дариға Бадықова бұған дейінгі сторисінде өзінің арзан дүние кие алмайтынын, жаны тек байлықты жақсы көретінін жазған болатын. «Арзан шаш, арзан сырғаны жаным қаламайды. Арзан дүниелерді менсінбеймін», - деп жазды Дариға Бадықова.
Актрисаның бұл сөзін көпшілік сынға алған. Дегенмен, нумеролог әрі психолог Нұргүл Лепес Бадықованың бойында тектілік бар дейді.
«Адамның тегі мықты болса, ол адам жарыққа шықпай қоймайды. Тектілік қаныңызда бар, сондықтан бұл қасиет сіздің түпкі тамырыңызда бар. Табиғатыңыздан сұлулыққа жақын, шындық айтатын жансыз. Бай адамның энергетикасы жан-жағына жұғады. Ойлап, қараңызшы, алтын қай жерде тұрса да, ол құндылығын жоғалтпайды. Магазинде тұрса да, қоқыста жатса да. Сол секілді білімді, энергетикасы мықты бай адамдардың жанында жүргендерді де байытып жіберетін әдеті бар. Сіздің генограммаңызда байлық бар. Сіздің қасыңызда жүргендерді байытып жіберетініңіз осыдан. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады», - деп жазған психолог.
Бұл пікірді көшіріп басқан Бадықова кеңесін әзілге айналдырған.