сенбі, 18 мамыр, 2024 17:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Кешке дейін үйге бармаңыздар». Бас сейсмолог алматылықтарға үндеу жасады

«Кешке дейін үйге бармаңыздар». Бас сейсмолог алматылықтарға үндеу жасады
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев. Сурет ашық дереккөзден алынды
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматы тұрғындары сағат 16.00-ге дейін үйге кірмегені дұрыс дейді.  Оның бейнеүндеуін төтенше жағдай министрлігі таратып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын сабырға шақырып, енді болатын афтершоктардың күші әлсіз болатынын айтты.

"Құрметті алматылықтар 11 сағат 22 минутта Алматы қаласында жер сілкінісі орын алды. Қазіргі таңда афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ олардың қуаттылығы әлсін сезіледі.  Сабыр сақтап, сағат 16:00-ге дейін халықты жинау бекеттерінде отыруларыңызды сұраймын.  Сейсмикалық жағдайды бақылау комиссиясының қорытындысын міндетті түрде жария етемін",– деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түске таман Алматы қаласында 6,1 балдық қатты жер сілкінісі тіркелді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар