Қазақтың шапанын киіп, халыққа Ант берген шетелдік судья кім
- авторjambylinfo.kz
- 4 наурыз, 2024
- 896
Қазақстандағы экономикалық дауларды шешетін соттың төрағасы Ант беру рәсіміне біздің ұлттық киіміміз – оюлы шапан киіп келген. Ресми жиында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналады. Осы орайда халықаралық стандарттарға сай тәуелсіз сот жүйесі бар АХҚО Соты негізгі рөл атқарады. Құрметті лорд Бернетт, Сізді осынау жауапты лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің кандидатураңыздың таңдалуы АХҚО сот жүйесінің тұрақтылық және сенімділік қағидаттарын сақтауға бейіл екенін тағы да растайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақорданың хабарлауынша, президент Соттың бұрынғы төрағасы лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Тараздағы қаржы ұйымдарының бірі қазақтың ұлттық киімі - шапанды "мазақ қылғанын" жазған болатынбыз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024