Үкімет басшысының тапсырмасына меншік иелері неге құлақ аспай жүр
- авторМағжан Орынбасар
- 25 маусым, 2024
- 436
Үкімет отырысында Олжас Бектенов орынбасарына жылыту маусымына дайындықты бастамай, кестені өз бетінше өзгертіп жүргендерге қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мамыр айының басында Бектеновтың жылыту маусымына орай жөндеу жұмыстарының уақытын ұзартуға және жұмыс көлемін қысқартпау бойынша нықтап берген тапсырмасы ескерусіз қалғанға ұқсайды. Өйткені, ресми оператор бекіткен кестеге меншік иелері 18 рет өзгерту енгізген. Бұған тіпті жергілікті әкімдік пен жауапты министрліктің де «батасын алмаған» көрінеді. Осыны атап өткен Олжас Бектенов бақылаудың аз болып отырғанын айтты. Сонымен қатар, орынбасарына тиісті міндетін өз деңгейінде орындамағандарға қатаң шара қолдануды тапсырды.
«Роман Васильевич Скляр менің тапсырмам бойынша проблемасы көп обьектілерді аралап жүр. Таяуда ғана Қарағанды облысына барып келді. Роман Васильевич, жергілікті жерде барынша шұғыл шешімдер мен барынша қатаң шараларды қабылдаңыз»,- деді Олжас Бектенов.
Қазақстанда көкжөтелден екінші бала көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024