Денсаулық
Қазақстанда көкжөтелден екінші бала көз жұмды
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 25 маусым, 2024
- 613
Ай сайын шамамен 400 бала осы дертті жұқтырады
Биыл жыл басынан бері Қарағанды мен Ұлытау облыстарында көкжөтелге қарсы екпе салдырмаған екі бала қайтыс болған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар – вакцинация. Қазіргі таңда екпе екі айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатар ынан үш рет екпе алады. Еуропалық сападағы вакцина. Өндірушісі — Франция. Сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жалпы стастиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы — екпе алмаған», - деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.
Қазақстанда ай сайын көкжөтелге шалдыққан балалардың саны 400-ге жуқытайды.