жұма, 4 шілде, 2025 8:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коллекторлық қысым мен алаяқтарға қарсы заң Президенттің қол қоюына жіберілді

Коллекторлық қысым мен алаяқтарға қарсы заң Президенттің қол қоюына жіберілді
Pixabay.com
Құжат енді Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды

Мәжіліс Сенат енгізген түзетулермен келісіп, коллекторлардың түнгі уақытта борышкерлерге хабарласуын шектейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ сенаторлар ұялы байланыс операторларын алаяқтық қоңырауларды автоматты түрде анықтап, бұғаттайтын ішкі жүйелер құруға міндеттеуді ұсынды. Олар Ұлттық банктің "Антифрод-орталығымен" тығыз жұмыс істеуі тиіс – алаяқтық тіркелген сәтте нөмір бірден бұғатталады.

Бұдан бөлек, мерзімді әскери қызметке шақырылғандар туралы ақпаратты мемлекеттік органдар мен кредиттік бюро арасында алмасу тәртібі күшейтіледі. Әскери қызметке шақырылғаны жөніндегі дерек тіркелген соң, ол азаматқа қарыз беру тоқтатылады.

Түзетулерге сәйкес, Қазақстан резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингінің мәртебесін алу шарттары да кеңейтіледі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар