Елімізде
Коронавирустың екінші толқынында азық-түлік бағасы қандай болады?
- авторjambylinfo.kz
- 26 қазан, 2020
- 527

Коронавирустың екінші толқынында азық-түлік бағасы қандай болады?
Биыл коронавирустың бірінші толқыны кезінде азық-түлік бағасы тым шарықтап кеткендіктен, министрлік шекті бағаны енгізуге мәжбүр болған еді. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирустың екінші толқынына байланысты азық-түліктің шекті бағасы енгізіле ме деген сұраққа жауап берді.
"Егер қатты өсіп кетсе, онда бұл тетік қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұған қажеттілік болмайды деген үміттеміз, өйткені дүрлігуге еш негіз жоқ, азық-түлік қоры бойынша жұмыс жүргізілді", - деп сендірді министр онлайн брифингте.Биыл коронавирустың бірінші толқыны кезінде азық-түлік бағасы тым шарықтап кеткендіктен, министрлік шекті бағаны енгізуге мәжбүр болған еді. Сұлтановтың айтуынша, осы уақыт ішінде мемлекеттік органдармен, бизнеспен үлкен жұмыс атқарылды. Өңірлерде азық-түлік қоры құрылып, желілерге қажетті қаржы бөлінді. Мұның бәрі бағаның өсуіне жол бермеуі тиіс, дейді ол. Министр азық-түлік нарығындағы жағдай жіті бақылауда екенін айтты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қызыл кітапқа енген сексеуілді кескен азамат ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Президент Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 5 шілде, 2025