дүйсенбі, 4 мамыр, 2026 11:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұландық кинологтар Алматыда өткен халықаралық ит көрмесінде жоғары нәтижеге қол жеткізді

Ұландық кинологтар Алматыда өткен халықаралық ит көрмесінде жоғары нәтижеге қол жеткізді
Ұлттық ұлан
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласында «ОО ЭЛИТА ДОСААФ» қызметтік ит өсіру клубының ұйымдастыруымен барлық тұқымдағы иттерге арналған «Көктемгі кездесулер» атты халықаралық және ұлттық көрмелер өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазылар алқасының құрамында Чехия мен Қазақстаннан келген халықаралық дәрежедегі сарапшылар болды.

Көрмеге 23 тұқымға жататын 100 ит ұсынылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының кинологиялық орталығы 5 ит пен 2 күшікті қатыстырып, олардың барлығы «Өте жақсы», «Жақсы» және «Үлкен үміт» бағаларын иеленді. Сонымен қатар «CAC» және «CACIB» атақтарын жеңіп алып, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін дәлелдеді.

Үздік нәтижелердің қатарында — сержант Дәуірбек Мұсабековке бекітілген «Санди» есімді неміс овчаркасы бар. Ол ашық сыныпта 3-орынды иеленіп, «CAC» және «CACIB» атақтарына ие болды. Сондай-ақ сержант Самат Үшбаевтың «Аддамс» есімді голланд овчаркасы «R.CACIB» және «CAC» атақтарын жеңіп алды.

Бельгиялық овчаркалар (малинуа) да жоғары нәтиже көрсетті. Кіші сержант Дастан Туниязовтың «Айс» және сержант Павел Графкиннің «Артист» атты иттері «юниорлар» сыныбында тұқымның үздік өкілдері атанды. Ал кіші сержант Дастан Туниязовтың «Блэк» пен «Бони» есімді күшіктері «Best Baby» атағын иеленді. Сонымен қатар сержант Самат Үшбаевтың «Слейт» есімді иті де жүлдегерлер қатарынан көрініп, «CAC» және «CACIB» атақтарына ие болды

Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды. Ұландық кинологтардың халықаралық көрмеге қатысуы мамандар даярлығының жоғары деңгейін және құқықтық тәртіп әскерлерінде қызметтік ит өсіру ісінің қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар