жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Өлгендерге" жалақы төлеп 6,8 млн. тенгені жымқырған мектеп директоры ұсталды

"Өлгендерге" жалақы төлеп 6,8 млн. тенгені жымқырған мектеп директоры ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады jambylinfo.kz.

Тұран ауданының прокуратурасы хабарлағандай, тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықталған.


«Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73  орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Одан бөлек, мектеп директоры  «2 өлі жанға» қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар