Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі 17 шетел азаматын ұстады
- авторjambylinfo.kz
- 15 сәуір, 2024
- 508
2024 жылғы 28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пункттерін айналып өту кезінде 17 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері олардың шекарадан өту құқығына шектеулердің қойылуымен байланысты. Сотқа дейінгі тергеп-тергеулер жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады», - деп ескертеді ҰҚК.
Лаула Сейділда
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024