бейсенбі, 24 шілде, 2025 21:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мүлік салығын қашан төлеу керек

Мүлік салығын қашан төлеу керек
Pixabay.com
2024 жылғы мүлік салығы бойынша хабарламалар шілде айынан бастап меншік иелеріне жолданады

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталатынын еске салады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік пен жер учаскелері бойынша салықтары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтайтын мүліктің құны мен меншік иелігінің нақты мерзіміне байланысты есептеледі.

2024 жылғы мүлік салығы бойынша хабарламалар шілде айынан бастап меншік иелеріне жолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қолданушылар PUSH-хабарлама арқылы да ақпарат ала алады.

Комитет 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салықты уақытында төлемеген азаматтарға берешек туралы хабарлама жіберілетінін ескертеді.

Салықты төлеу тәсілдері:

e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;

еGov.kz электронды үкімет порталы;

екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары немесе бөлімшелері;

банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы (қолма-қол немесе банк картасы арқылы).

Уақытында төлеуді ұмытпаңыз – артық айыппұл мен өсімпұлдан сақтаныңыз.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар