дүйсенбі, 1 шілде, 2024 19:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мәнді мемуар». Дариға Назарбаеваның халық үшін еткен «ерен еңбегі» туралы кітап сатылып жатқаны рас па

«Мәнді мемуар». Дариға Назарбаеваның халық үшін еткен «ерен еңбегі» туралы кітап сатылып жатқаны рас па
Фото: Stan
Бұған дейін кітап «Меломан» кітап дүкенінде сатылымға шыққаны айтылды

Бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаеваның халыққа сіңірген еңбегі туралы кітабы сатылымға шыққаны туралы ақпаратты «Меломан» кітап дүкені жоққа шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Жақында әлеуметтік желіде "Менің халық алдындағы еңбегім" атты Дариға Назарбаеваның тырнақалды туындысының тұсаукесері туралы жаңалық шартарапқа жайылды. Мәліметтерге сүйенсек, онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы өмірі мен қызметі туралы естеліктер жинақтаған екен. 
 Деректерге сәйкес, аталған кітап «Меломан» кітап дүкендері желісінде сатылымға шыққан. Бірақ кітап дүкені бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жақында әлеуметтік желілерде"Менің халық алдындағы еңбегім" кітабы туралы ақпараттар пайда болды. Мұндай кітап біздің сайтта немесе Marwin/Меломан дүкендерінде ешқашан сатылымға шықпағанын хабарлаймыз. Мұндай кітап бізде жоқ", - деп жауап берді кітап дүкенінің өкілі Orda.kz редакцияның өтінішіне.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар