сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәскеу түбіндегі теракт: Қазақстан полициясы қандай шаралар қолданып жатыр

Мәскеу түбіндегі теракт: Қазақстан полициясы қандай шаралар қолданып жатыр
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал нысандарға қосымша тексеріс жүргізеді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көрші елдегі лаңкестік әрекеттен кейін елімізде қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Лепеханың айтуынша, бүгінде аумағы 500 шаршы метрден асатын концерт залдары, ірі сауда орталықтары, барлық білім беру және денсаулық сақтау нысаны, халық көп жиналатын орындар террористік тұрғыдан осал нысандарға жатады. Мәскеу түбіндегі терактіден кейін еліміздің құқық қорғау органдары осындай объектілерге қосымша тексеріс жүргізбек. 


«Қазір біз осы нысандардың барлығын қосымша тексеріп шығу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрын тексерілген, ұйғарым берілген нысандарға қайта барамыз. Меншік иелерімен сөйлесеміз, нығайту жағын қараймыз, ұсыныстар береміз», - деді Лепеха сенат кулуарында. 


Айтуынша, мектептер бойынша оқу-ағарту министрлігімен іс-қимыл алгоритмі келісілген. Осы орайда журналистер ІІМ өкілінен террористер басып алған жағдайда не істеу керектігін сұрады. 


«Бұған қатысты азаматтарға кеңес беру қиын, әрине. Дүрбелеңге салынбай, қылмыскерлерден жасырынып, мүмкіндігінше оқиға орнынан бой тасалау керек. Қазір біз де ол жақта (Крокус Сити холл) не, қалай болды, зерттеп-қарап жатырмыз», - дейді ІІМ басшысының орынбасары. 


Бұдан бөлек, Лепеха биыл 1 қаңтардан бастап шетелдіктер үшін міндетті дактилоскопия енгізілгенін еске салды. Айтуынша, саусақ іздерін тапсырудың арқасында елге кірмек болған 10 қылмыскер анықталған. 


Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы "Крокус Сити холлда" теракт болды. Бетперде киген белгісіз адамдар концерт алдында көрермендерге оқ атқан. Соңғы деректер бойынша теракт салдарынан қаза болғандар саны 140 адамнан асты.  Ресейде 24 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар