«Жақын арада шешім қабылданады». Облыс әкімі қарызға батқан «Тараз» футбол клубының мәселесіне қатысты пікір білдірді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 наурыз, 2024
- 957
Мейрамбек Дөненбавтың сөзінше, аталған мекеменің кредиторлық берешегі аз емес. Салынған айыппұл көлемі 140 миллион теңге. Биыл клубты күтіп ұстауға 680 миллион теңге қаралып отыр. Ал қарызды өтеуге бюджет тапшылығы 300 миллион шамасында дейді депутат. Алдағы премьер лигаға шығу үшін «Тараз» футбол клубының берешегі болмауы керек. Әйтпесе жергілікті спортшылардың жолы кесілуі мүмкін. Осы орайда депутат аталған мекемені аяққа тұрғызу қалай іске асып жатқанын сұрады
Сауалға жауап берген облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдасбеков құзырлы орган тексеріс жүргізгенімен, Тараз футбол клубын қарызға батырған тұлға жауапкершілікке тартылмағанын, тексеріс жөніндей анықтама да жоқтығын айтты. Бұл мәселеге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пікір білдірді
«Құзырлы орган өзінің қорытындысын шығарады деп сенемін. Ол жақта да арнайы жұмыс өткізілген. Келесі жоспар бойынша біз «Тараз» клубымызды премьер лигаға шығарар алдында жаңа тәсілдерді енгізуіміз керек. Қазір 1 млрдтан астам қаражат беріліп отыр дейді. Оны енді транспорентті түрде қоғамға, жанкүйерлерге өз жұмысын көрсететіндей жұмсау куерек. Қандай басшы келсе де қоғам бақылап отыруы керек. Жақын арада бұл жөнінде шешім қабылданады»,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024