сенбі, 11 мамыр, 2024 9:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысында ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының 95 жылдығына арналған шаралар өтіп жатыр

Жамбыл облысында ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының 95 жылдығына арналған шаралар өтіп жатыр
Сурет: jambylinfo.kz
Тараздағы Абай атындағы орталық кітапханада журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының «Құрметті азаматы», ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының 95 жылдығына орай  «Журналистиканың қара нары» атты ақпараттық шолу  өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Іс-шара аясында кітапхана оқырмандарына  өнегелі өмірін журналистика саласының дамуына арнаған Баттал Жаңабайұлының жемісті еңбегі мен шығармашылығы туралы ақпарат бере отырып, кітапхана қорындағы  «Сөз құдіреті» және «Жақсылардың шуағы» кітаптары таныстырылды.

Ал, Жамбыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен "Таланты танылған қаламгер" тақырыбында онлайн ақпарат сағатын өтті. Іс- шара барысында оқу залының кітапханашысы Нұрипа Манабаева өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, Баттал Жаңабайұлы – өз ісінің нағыз кәсіби шебері, өнегелі өмірін журналистика саласының дамуына арнаған азамат екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыстың тыныс-тіршілігін шежірелеген бас  газетін 20 жыл абыроймен басқара білген тұлғаны өңірде рухани саланың дамуына елеулі еңбек еткен ардагер журналистің есімі ешқашан ұмытылмайтындығын бейнебаян арқылы жеткізді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар