бейсенбі, 2 мамыр, 2024 14:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қордайда Баттал Жаңабайұлының мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті

Қордайда Баттал Жаңабайұлының мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті
Сурет: jambylinfo.kz
Ардагер журналист, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлының мерейтойына орай Қордай ауданында "Қарымды қаламгер Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Іс-шараны аудандық білім бөлімі ұйымдастырған. Шара барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР журналистер одағының мүшесі Ахметжан Қосақов пен Шу ауданы білім бөлімінің қызметкері Айғаным Асқарбек Баттал Жаңабайұлының өмір жолы жайында баяндама жасап, мектеп оқушыларын тұлғаның шығармашылығымен таныстырды.

 Ал, "Жамбыл облысының Үздік журналисі" төсбелгісінің иегері Әлімжан Құрманбек ардагер журналистің қаламгерлігі жөнінде естеліктерін айтса,  ардагер ұстаз, ақын Бақыт Байжігітов Баттал Жаңабайұлына арнап шығарған өлеңін оқыды.

Сондай-ақ іс-шараға  Баттал Жаңабайұлының жұбайы Фарида Алтаева тікелей эфир арқылы қосылып, жылы естеліктерін айтып берді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар