бейсенбі, 2 мамыр, 2024 17:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстандық танымал журналист өмірден өтті

Қазақстандық танымал журналист өмірден өтті
Фото: assembly.kz
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады

Мемлекет және қоғам қайраткері, телевизия саласының майталманы Ғаділбек Шалахметов өмірден өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазып, көңіл айтты. 

"Ғаділбек Мінәжұлы БАҚ саласындағы еңбек жолын Алматы телестудиясында бастап, Қазақ теледидары бағдарламаларының редакторы, бас редакторы, Қазақ ССР Телевизия мен радио хабарлары жөнiндегi Мемкомитетiнiң төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылы Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрiнiң бiрiншi орынбасары – Қазақ ССР Телевизия мен радиохабарлары жөнiндегi Мемкомите­тiнiң төрағасы болып жемісті еңбек етті", - деп жазды министр. 

Айта кетейік, Ғаділбек Шалахметов 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақаланың авторы, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ол 1991 жылы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар