дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халыққа бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады

Халыққа бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады
Сурет Ашық дереккөзден алынды
Су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтарға бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Арман Әбенов су тасқыны жағдайы тұрақты мониторингте тұрғанын және қарғын судан зардап шеккендердің бәріне бір реттік әлеуметтік төлем беріп жатқанын мәлімдеді.  


«Су тасқынан зардап шеккендердің бәріне көмек көрсету жұмыс жалғасып жатыр. Бірреттік әлеуметтік төлем беру басталды. Сонымен қатар демеушілік және гуманитарлық көмектер көрсетіліп жатыр. Бүгінде 686 отбасыға 126,6 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді», - деді Арман Әбенов.


Сондай-ақ, Арман Әбенов айтуынша,  су тасқыны орын алған сәттен бері облыста 850 мың текше метр су сорылып, 98 мыңнан астам құм салынған қап төселген. 423 техника, 136 мотопомпа, 27 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылған. Халық азық-түлікпен, дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар