Бишімбаевқа қарап барлық мемлекеттік қызметші сондай екен деп ойлаудың қажеті жоқ – Әшімбаев
- авторjambylinfo.kz
- 11 сәуір, 2024
- 584
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазір сотқа тартылып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қарап барлық мемлекеттік қызметшіге баға беру дұрыс емес деп санайды. Бұл туралы ол сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
БАҚ өкілдері одан Астанадағы сотта қаралып жатқан бұрынғы шенеуніктің ісі бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына көлеңке түсірмей ме деп сұрады. Әшімбаев Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметін баяғыда атқарғанын еске салды.
"Бишімбаевқа қарап қазір мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдарға жалпылама баға берудің қажеті жоқ деп санаймын. Меніңше, бұл дұрыс емес. Бишімбаев заң алдында өз әрекетіне өзі жауап берсін", - деді сенат төрағасы.
Ол мемлекеттік қызметте адал әрі прогрессивті қызметкерлер еңбек ететінін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев тағы да сотқа тартылып жатыр. Бұрынғы шенеунік азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда.
Бишімбаев бұған дейін де жемқорлық қылмысы үшін істі болған. Айта кетері, ол 2016 жылғы мамырдан желтоқсан айына дейін ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Халыққа бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024