“500 мың теңге”. Премьер-Министрдің елден қарызға ақша сұрап жүргені рас па
- авторМағжан Орынбасар
- 11 сәуір, 2024
- 667
Әлеуметтік желіде Премьер-Министр Олжас Бектеновтың біреуден қарызға ақша сұрап жазған сөздерінің фотосы таралды. Онда Үкімет басшысы біреуден картасының аударым саны шектеулі болуына байланысты 500 мың теңге аудара бере тұруын өтініп, көп кешікпей қайтаратынын да жазған. Бірақ, аталған ақпараттың жалған екенін Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
“ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр”, - делінген хабарламада.