Таразда су жаңа 31 автобус халық игілігіне берілді
- авторИндира Тәліпқызы
- 11 сәуір, 2024
- 663
Шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың айтуынша, 31 автобус 1 миллиард теңгеге сатып алынған. Әр автобустың бағасы 35-40 миллион теңге.
«Автобусный парк-2020» ЖШС тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Бұл автобустардың 12-сі «Саяхат-99» ЖШС-і қызмет көрсететін №34 маршруттағы ескірген автобустарды алмастырса, қалған 19 бірлігі тасымалдаушы мекеме қызмет көрсететін бағыттардағы кесте санын арттыруға және №54-ші маршруттағы автобустарды алмастыруға берілетін болады», - деді әкім.
Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленгенін және соған сәйкес, биыл қалаға 70 бірлік автобус жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.