сәрсенбі, 9 қазан, 2024 4:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ішкі істер министрлігі кімдерге Қазақстанға кіруге тыйым салынатынын айтты

Ішкі істер министрлігі кімдерге Қазақстанға кіруге тыйым салынатынын айтты
Фото: primeminister.kz
Сенат халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Енді педофилдер, террористер, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері республика аумағына кіре алмайды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сенаттың жалпы отырысында қаралған заңда ел аумағына кіруге тыйым салынатын шетелдіктердің санаты айқындалған. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасына кіруі және азаматтық алуы шектеледі.

Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанға кіре алмайтын басқа да санаттарды атады.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ауыр қылмыс жасағандар, экстремистік бағыттағы адамдарға да ел аумағына кіруге тыйым салынады. Жалпы осы тыйымға ілігетін бірнеше санат бар. Біз азаматты елден шығарып жібергеннен кейін, оған елге кіруге тыйым саламыз. Бұл тыйым біздің "Бүркіт" жүйесінде тіркеледі. Осы арқылы біз шетелдіктің елге кірмеуін бақылап отырамыз", - деп түсіндірді Лепеха сенаттың отырысында.

Сондай-ақ қос азаматтыққа жол бермеу үшін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін басқа мемлекеттің азаматтығын растайтын құжаттарды пайдаланған жағдайда, Қазақстан азаматтығын жоғалтудың жаңа негізі енгізіледі. Айта кетері, қолданыстағы заңнамада шет мемлекеттің азаматтығын алғаны үшін ғана Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу көзделген. Бұған қоса қолданылу мерзімі өткен жеке басын куәландыратын құжаттар мен басқа да құжаттар төтенше жағдайлар кезінде жарамды деп танылады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар