«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың тақырыбын «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» деп бекер атаған жоқ деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану кезеңінде қоғамда қарама-қайшылық туғызып жүрген мәселе өте көп. Президент әр қайсысына тоқталып, түсінік беріп, әсіресе зиялы қауым өкілдерінің ерекше орнын атап өтті. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Сондай-ақ, “Адал адам” концепциясы мен ұлттық құрылтайда берілген тапсырмалардың орындалуы үшін кешенді жоспар құруды табыстап отыр», -деді Назима Дәрменқызы.
Сондай-ақ ол қоғамда адал адам тұлғасын қалыптастыру үшін ең алдымен Заң үстемдігі жоғары болуы тиіс екенін және тұрмыстағы зорлық-зомбылық, жемқорлық, әділетсіздік көп жағдайда азаматтардың құқықтық сауатынының төмендігінен орын алатынын айтты.
«Биыл «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Заң үстемдігі» жобасын іске қосқанын айтқым келеді. Яғни, республиканың барлық аймағындағы филиалдарына кез келген азамат тегін құқықтық кеңес алады. Сондай-ақ, adildik.kz сайтына немесе 1463 колл орталығына хабарласқан әр азаматтың сұрақтары мен өтініші заң шеңберінде қаралып, қажет жағдайда біздің заңгерлер тегін ақпараттық, консультативтік сүйемелдеу қызметін көрсетеді. Жыл басынан бері біздің өңірде 50- ге жуық өтініш қаралды. Ал сәуір айынан бастап облыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңы іске қосылады. Өз жұмысын Жамбыл ауданынан бастайды. Сол топ құрамында халыққа көмек көрсетеміз. Жалпы құрамына заңгерлер, сот орындаушы мен қорғаушылар, адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, мәслихат депутаттары мен салалық мамандар тартылмақ»,-деді ол.
Сөз соңында Назима Дәрменқызы өзі жетекшілік ететін ұйымның қатысуымен келешек ұрпақ жастар мен жасөспірімдерге арнап, әр түрлі форматта 30 іс-шара өткізуді жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы әділдік - барлық азаматтардың қызметтік жайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан заң алдында тең болуы екенін айтқан еді.
«Әділдік - барлық азаматтардың қызметтік жайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан заң алдында тең болуы. Заңның үстемдігі деген осы. Заң үстемдігі соттардың ісіне араласпауды қарастырады. Алайда жасалған құқықбұзушылық бойынша олардың (соттардың) шешімдерін кейде азаматтар біртүрлі және ақылға қонымсыз деп қабылдайды», - дейді Мемлекет басшысы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024