дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Мұсылман қандай ізгі амал жасау керек?". Бүгін Құрбан айт мерекесі басталды

"Мұсылман қандай ізгі амал жасау керек?". Бүгін Құрбан айт мерекесі басталды
Фото - ашық дереккөзден
Таңғы 6-дан бастап мұсылмандар  Айт намазын оқыды

16 маусым күні барша мұсылман қауым асыға күтіп отырған Құрбан айт мерекесі басталады. Үш күнге созылатын мерекеде барлық жамағаттың құрбан шалуға шамасы жетпеуі мүмкін. Құрбан шалуға шамасы жетпейтін мұсылман қандай ізгі амал жасау керек? Бұл сұраққа Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев жауап берді. 
Ержан Аманбаевтың айтуынша, Құрбан шалу мұсылманға парыз емес. 

«Шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызға мал алып, құрбан шалуға мүлде болмайды. Құрбан айт бұл мереке. Сондықтан бұл күндері мешітке келіп, дұға жасап, туған туыстарды аралап, мерекелік көңіл-күйде жүру керек»,-деді имам. 

Сондай-ақ, ол Құрбан шалу кімге уәжіп екенін де тілге тиек етті.

«Құробан шалу - ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға уәжіп. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие мұсылман уәжіп бола алады. Нисап мөлшері – 85 грамм алтынның құнына тең келетін ақша»,-деп жауап берді қаланың бас имамы.    
Еске салайық, 16-18 маусым аралығында мұсылмандар Құрбан айт мерекесін атап өтеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар