жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңғыстауда дрон-такси іске қосылмақ

Маңғыстауда дрон-такси іске қосылмақ
gov.kz
Транспорт түрі туристерді өңірдің негізгі көрікті жерлеріне жеткізу үшін пайдаланылады

Ақтауда өткен тамыз айындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай келесі жылы өңірде дрон-такси іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше Ақтауда «Білім болашағы: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті.

Жиынға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау, белгілі қазақстандық және шетелдік спикерлер, сондай-ақ 700-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде өңір басшысы инновациялық көлік түрінің енгізілетінін атап өтті.

– Келесі жылы облыста дрон-такси іске қосылады. Олар Ақтаудан туристерді өңірдің негізгі көрікті жерлеріне жеткізу үшін пайдаланылатын болады, – деді әкім.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы оқу жылынан бастап үш жыл ішінде кезең-кезеңімен арнайы даярлықтан өткен 50 мектеп директорын тәжірибе алмасу мақсатында Сингапур мен Қытайға жіберілетінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, 30 оқушыны АҚШ-та білім алуға жіберу жоспарланып отырғанын айтты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар