жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда психотроптық заттарды дәріханаларға жеткізгендер ұсталды

Жамбылда психотроптық заттарды дәріханаларға жеткізгендер ұсталды
Polisia.kz.
Арнайы операция нәтижесі бойынша 4 күдікті ұсталды

Жамбыл облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Алматы қаласынан Жамбыл облысына психотроптық заттарды заңсыз тасымалдаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелеуге бағытталған арнайы операция жүргізді.

Нәтижесінде Тараз қаласындағы бірқатар дәріханадан келесі заттар анықталып, тәркіленді:

 364 ампула күшті әсер ететін трамадол препараты,

 1800-ден астам тропикамид, сомнол және димедрол таблеткалары,

 17 грамм психотроптық оксивид заты.

Төрт күдікті ұсталып, олардың ішінде Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін тыйым салынған препараттарды жеткізу және тарату схемасын ұйымдастырып, оны дәріхана бизнесі ретінде жасырып отырғаны анықталды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар