жексенбі, 26 мамыр, 2024 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылынан 146 адам эвакуацияланды

Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылынан 146 адам эвакуацияланды
Сурет: ҚР ТЖМ
Ауылдың кіреберіс жолын су басып жатыр

Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Дереккөзіне сүйенсек, кеше ауылдың кіреберіс жолына тасқын су келе бастаған.

«Ауылдың 146 тұрғыны эвакуацияланды. Оның ішінде 91 бала, 5 студент, 55 қарт адам, 3 жүкті әйел және 4 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың барлығы APEC жоғары колледжінің эвакуация пунктінде орналасқан, - деп хабарлады Махамбет ауданының әкімдігі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар