жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ең қиыны, сен мені құттықтамайсың»: Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді желіде әсерлі жазба жариялады

«Ең қиыны, сен мені құттықтамайсың»: Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді желіде әсерлі жазба жариялады
Фото - ашық дереккөзден
Ол бүгін 37 жасқа толып отыр

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің бүгін туған күні, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айтбек Амангелді тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қарындасының мүддесін қорғап, соттың әділ үкім шығару үшін күресіп, елдің ықыласына бөленді. Қазір оны жұрт әйелдерге қатысты зорлыққа қарсы айшықты күрескер ретінде таниды. Бүгін 37 жасқа толып  отырған ол айтулы күнді тойлауға құлықсыз. Бұл туралы туған күн иесі  әлеуметтік желіде жазба қалдырып, алдағы жоспарлары туралы ой бөліскен.

Биыл туған күнімді  тойламаймын. Қордың ашылуы маған және Салта үшін ең үлкен мерекенің бірі болары анық. Ең қиыны, биыл маған өзіңнен қоңырау келмейтіні, сенің күлкіңді естімейтінім жаныма батады  Мен үміт үзбей өзіңнен хабар күтемін, жақын арада қор ашамын, уәде беремін. Ал мен игілікті іске белсене атсалысып жүрген барша жанға разымын,- деді Айтбек Амангелді.

Еске салайық, сот  Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа  24 жыл жаза кесті.

Қуандық Бишімбаев келесі қылмыстарды жасады деп айыпталған болатын:

ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру";
ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі бойынша, яғни азаптау. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар